Шығармашылық өмірбаяны

Владимир Твердохлебов 1937 жылы 18 мамырда Ресейде туған. Қазақстанда, Алматыда тұрады және жұмыс істейді.

Ол 1967 ж. В.Мухина атындағы Ленинград Жоғары сурет-өнеркәсіптік училищесін бітірген.

1967 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шақыруымен Қазақстан астанасына келген.

1970 жылдан  - КСРО Суретшілер Одағының және Қазақстан Суретшілер Одағының  мүшесі.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері.

2010 жылдан осы күнге дейін Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның мүшесі

Владимир Твердохлебов өзі бас суретші және кешендік көркем безендіру бойынша жетекші болып, орасан зор әрі күрделі орындалатын мына нысандарды жүзеге асырды:

 

  • Қазақстан Орталық мұражайының реконструкциясы және жаңа экспозициясын жасау,  Алматы қ., Қазақстан  (1967-68)

  • Орталық Азия мен Қазақстан суретшілерінің өнер туындыларының Орталық Манеждегі Көрмесі, Москва қ., Ресей (1971-72)

  • Қазақстан  Қызыл Кресті және Қызыл Жарты айы үшін - плакаттар топтамасы (1971-75)

  • Мұхтар Әуэзовтің мұражайы,  Алматы қ., Қазақстан (1972)

  • Жамбыл сүт комбинаты, Тараз қ., Қазақстан (1975)

  • «Шығыс күнтізбесі» фонтаны («Зодиак белгілері»), Алматы қ., Қазақстан (1974-80)

  • Алматы мақта-мата комбинатының  Мәдениет сарайы (АММК), Алматы қ., Қазақстан

     (1981-82)

  • ҚР Ғылым Академиясының Ғалымдар үйі,  Алматы қ., Қазақстан (1983-84).

 

Владимир Сергеевичтің қолымен көптеген  мозаикалар, өрнектер, рельефтер, гобелендер мен витраждар жасалды, атап айтқанда:

  • «Қиял әлемі»  өрнек-фрескасы, балабақшаның ойын залында, Қаратау қ., Қазақстан (1968)

  • «Бізге цирк келді» өрнек-фрескасы, балабақшаның  ойын залында, Қазақстан Байланыс министрлігі, Алматы қ., Қазақстан (1972)

  • «Астық-мерекесі»  өрнек-фрескасы, Мәдениет үйінің мейрамханасы, Сайрам қ., Шымкент облысы, Қазақстан (1973)

  • «Қарқаралы топырағы» тақырыбындағы мозаикалық композиция,  Мәдениет үйінің фасады, Қарқаралы қ., Қарағанды облысы, Қазақстан (1974)

  • «Маскалар» және «Үш муза» рельефтері,  Мәдениет үйі, Қарқаралы қ., Қарағанды облысы, Қазақстан (1974-1975)

  • Бірінші қабат холлындағы ғалымдар мозаикалары (6 мозаика),  гобелен - «Бүркітпен аң аулау», Қабылдау Залының интерьерасы үшін, гобелендер топтамасы: «Алматы – алма қаласы» (4 гобелен), отырыс залдарына, «Ленин» флоренциялық мозаикасы - Үлкен  конференц-залда, абстракциялық гобелендер (2) - баспалдақ алаңдарына, қолдан тоқылған перде - «Ғылым және прогресс», өрнек-фрескалар - шығыс миниатюрасы техникасында, Қысқы Бақта, Қазақстан ҒА Ғалымдар үйіндегі «Қазақстан мәдениеті. Бұрынғы мен қазіргі заман байланысы» тақырыбындағы түсті шыныдан жасалған витраждар (1983-84)

  • «Сәулет және өнер» тақырыбындағы мозаикалар  - Мәдениет үйінің фасадында, Көлді а., Қаскелең ауданы, Алматы обл., Қазақстан (1986-87)

  • Мозаикалық панно (19 панно) – «Қазақстан автомобильшісі» Демалыс Үйі мейрамханасының  интерьерасы үшін, Бозтері а., Қырғызстан (1988-89)

  • Мозаикалық композиция - «Айдаһар», «Тай» мейрамханасының фасады үшін, Алматы қ., Қазақстан (2002)

  • Гобелендер және натюрморттар топтамасы - «Жыл мезгілдері», «Көгілдір Ыстық-Көл» - жеке коллекциялар үшін (2003-16)

  • Мозаикалық композиция - «Жібек жолы», «Алма-Ата» қонақ үйінің «Иссык» мейрамханасы үшін, Алматы қ., Қазақстан (2005)

  • Мозаикалар - «Иисус Христос», «Троица», Храм-Христ-құтқарушы православ шіркеуінің фасады үшін, Алматы қ., Қазақстан (2006-07)

  • Мозаика - «Благовещение», «Благовещение» православ шіркеуінің фасады үшін, Ақтау қ., Қазақстан (2007)

  • «Шығыс күнтізбесі» және «Мәңгілік айналымы» тақырыбындағы коллекциялық алтын және күміс монета коллекциялар дизайны, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі үшін

(2010- осы күнге дейін) және т.б.

 

90-шы жылдардан бастап Владимир Сергеевич гобелен мен мозаикаға деген әуестігін сақтай отырып,  кескіндемеші-станковист ретінде көбірек таныла бастайды. Сол жылдары Владимир Сергеевич халықаралық «Тенгри» шығармашылық тобына қатысып, біраз жылдар ішінде жыл сайын бірнеше рет топпен бірге Орта Азия мен Қазақстанның әсем жерлеріне пленерге сапар шекті және көптеген көрмелерге қатысты.

2008-14 жж. студенттерге сабақ бере жүріп, Владимир Сергеевич оларға өздерінің суретшілік талантын ашуға және жетілдіріп-дамытуға көмектесті. Оның шәкірттері суретші талантының тағы бір қырын – педагогтық дарынын дәлелдеп,  Еуропаның үздік мектептеріне түсті және ол жақта өздерінің айрықша шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Әр жылдары Владимир Сергеевич КСРО Суретшілер Одағының шығармашылық базаларында суретшілердің бүкілодақтық  шығармашылық топтарына қатысып, көптеген қалаларда болды: Сенеж, Солнечногорск қ., Ресей, Хоста қ., Ресей, Паланга қ., Литва, Гурзуф қ., Ресей. Сонымен қатар, ол Непалда, Түркияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Финляндияда, Болгарияда, Алманияда, Англияда саяхат құрды және жұмыс жасады. 

Ол 1984 ж. КСРО Суретшілер Одағының атынан Болгарияның София қ.  Бүкілдүниежүзілік сәулетшілер мен суретшілер биенналесіне делегат болып қатысты. 1986 ж. Финляндияға халықаралық шығармашылық сапарға шығып, елдің 10 қаласын аралады және халық мәдениетімен, Финляндия суретшілерінің шығармашылығымен танысты, көптеген көрмелер мен мұражайларда, белгілі суретшілер мен дизайнерлердің шеберханаларында болды.

Владимир Твердохлебовтың майда, акварельде, гобеленде, мозаикада орындаған кескіндемелік жұмыстарының көбі Қазақстан, АҚШ, Канада, Бельгия, Ұлыбритания, Нидерланды, Алмания, Оңтүстік Корея, Болгария, Жаңа Зеландия, т.б. елдердің мемлекеттік және жеке коллекцияларында орын алған.

FOLLOW ME

  • Facebook Social Icon
  • YouTube Social  Icon

© Vladimir S. Tverdokhlebov, Anara Forrester. 2017 / © Владимир Сергеевич Твердохлебов, Анара Форрестер. 2017